Іс-шаралар » Страница 18 » Школа №100 г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№100 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 399-40-28
Есепші бөлім:
+7 (727) 3743604
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жемқорлыққа жол жоқ!"
02
желтоқсан
2021
"Жемқорлыққа жол жоқ!"
Оқушыларды адалдыққа тәрбиелеу, дүниетанымдарын кеңейту, адамгершілікке тәрбиелеу, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту мақсатында, "Жемқорлыққа жол жоқ!" тақырыбында "Қыран" пікірсайыс клубы дөңгелек үстел өткізді.  
1 желтоқсан
01
желтоқсан
2021
1 желтоқсан
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай "Ел басы - Ел данасы" тақырыбында Есберген А.П. 9,11 сынып оқушыларымен, жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, адам баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгеру, "Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан" үлгі алуға тәрбиелеу мақсатында ашық тәрбие сағатын өткізді.
«Біз жемқорлыққа қарсымыз»
30
қараша
2021
«Біз жемқорлыққа қарсымыз»
9 желтоқсан - Халықаралық жемқорлықпен күресу күніне орай 7-сынып оқушыларының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқушылар сыбайлас жемқорлықтың, пайда табуға құнығудың соңы тек жамандыққа әкеп соғатындығын, әсіресе жас ұрпақтың болашағына балта шабатындығын жан-жақты ұғынды. Жастайынан адамгершілік қасиетті бойына сіңіру арқылы ғана адамзаттық борыштарын ақтай алатындықтарына көз жеткізді.
«Жаратылыстану ғылымдарының тоғысында»
19
қараша
2021
«Жаратылыстану ғылымдарының тоғысында»
Жаратылыстану -математика бірлестігінің «На перекрестке естественных наук» тақырыбындағы онкүндік аясында 5-6 сыныптар арасында мектебіміздің математика пәні мұғалімі Есберген А.П. балаларды жылдамдыққа баулу және математика пәніне деген қызығушылығын, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында, «Кім жылдам?» атты интеллектуалды сайыс өткізді. Балалар 1 және 2 дәрежелі мақтау қағаздарымен марапатталды. Информатика пән мұғалімі Нусіпова Д.О. «Бағдаршам-робот» тақырыбында 4 «А» сынып
"Қазақ эпос"
19
қараша
2021
"Қазақ эпос"
"Қазақ эпос" республикалық ағарту жобасының ұйымдастыруымен өткізілген "Тұлпар мініп ту алған" байқауына мектебіміздің 9 "А" сынып оқушысы Талғатұлы Таңат қатысып, дипломмен марапатталып, 100 000 теңге сыйлыққа ие болды. Жетекшісі: Суанбекова Б.Ж. Байқаудың өскелең ұрпақтың шығармашылығын дамытуға, қазақ халқының асыл мұрасына деген қызығушылықтарын арттыруға, рухани жан-дүниесін байытуға қосар үлесі ұшан-теңіз. Осындай жарыстар жалғаса берсін!
Салауатты тамақтану
21
қазан
2021
Салауатты тамақтану
Мектепте салауатты өмір салтына арналған сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Дұрыс тамақтану ережелеріне көп көңіл бөлінді. Қалай тамақтану керек? Тағамның өмірдегі рөлі қандай? Мектебіміздің медбикесі балаларға осы және басқа да жайттар туралы айтып берді. Әңгімелесу 1-11-сынып аралығында кезең-кезеңімен өткізілді.