21
қазан
2021
Салауатты тамақтану


Мектепте салауатты өмір салтына арналған сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Дұрыс тамақтану ережелеріне көп көңіл бөлінді. Қалай тамақтану керек? Тағамның өмірдегі рөлі қандай? Мектебіміздің медбикесі балаларға осы және басқа да жайттар туралы айтып берді. Әңгімелесу 1-11-сынып аралығында кезең-кезеңімен өткізілді.