20
наурыз
2021
Наурыз
Наурыз
Наурыздың 15-і мен 20-сы аралығында мектепте Наурыз мейрамын тойлауға арналған тәрбиелік іс-шаралар онлайн және офлайн режимінде өткізілді.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Азимова А.А дайындаған қазақтың ұлттық ойындарынан офлайн спорттық жарыстарға 1 «А», 2 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Жігіттер өздерінің ептіліктерін, батылдықтарын, жылдамдықтарын көрсетті.
Бастауыш сынып оқушылары «Наурыз аруы» байқауының онлайн қатысушысы болды. Қыздар мерекенің салт-дәстүрін шығармашылықпен таныстырып, өнерлерін көрсетті.
2021 жылдың 19 наурызында Наурыз мерекесін тойлауға арналған сыныптан тыс іс-шара, сынып сағаттары өткізілді, оған 1 және 11 сынып оқушылары қатысты. Бұл шараның мақсаты ұлттық мерекенің ерекшеліктері мен салт-дәстүрін көрсету болды. Ең алдымен балалар Наурыз мерекесі туралы тарихи деректермен танысты, одан кейін балалар Наурыз мерекесімен құттықтаулары бар бейнероликтерді тамашалады. Іс-шаралардың соңында балаларға кеңейтілген тапсырма берілді - мереке туралы ерекше қызықты деректерді есте сақтау.
Бүгінгі Наурыз – адамдарды араласуға, достыққа, тыныштыққа шақыратын мереке.