Іс-шаралар » Страница 15 » Школа №100 г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№100 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 399-40-28
Есепші бөлім:
+7 (727) 3743604
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп жанындағы лагерь жұмысы
11
маусым
2022
Мектеп жанындағы лагерь жұмысы
Барлық іс-шаралар мектеп жанындағы лагерь жұмысының жоспарына сәйкес өткізіледі, ол мұғалімдермен бірге жасалып, мектеп директорымен бекітілген.Күн сайын педагогтар балалармен зияткерлік ойындар, конкурстар, ойын-сауық іс-шараларын өткізеді.Үйірме жетекшілері күнделікті сабақтар өткізеді, онда балалар сурет салады, мүсіндейді, қолөнер жасайды, ал "Спартак" спорт үйірмесінің сабақтарында балалар денсаулығын нығайтады.
04 маусым Мемлекеттік рәміздер  күні!
04
маусым
2022
04 маусым Мемлекеттік рәміздер күні!
Бүгін  04 маусым Мемлекеттік рәміздер  күні! Мемлекеттік рәміздер – Ту, Герб және Гимн Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Мереке құтты болсын!
Қазақстан Республикасының Рәміздер Күні
03
маусым
2022
Қазақстан Республикасының Рәміздер Күні
03.06.2022 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы №100 ЖББМ КММ-де Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне арналған мектеп мерекесі салтанатты түрде аталып  өтті. Оған жазғы мектептегі бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты. Мереке әсем безендірілген мектеп кабинетінде ҚР Әнұранының салтанатты орындалуымен басталды. Сондай-ақ, Жазғы мектептің барлық топтарында Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері туралы мазмұнды сынып сағаттары өткізілді, онда мереке жүргізушілері және басқа да балалар "Менің
Балаларды қорғау күні.
01
маусым
2022
Балаларды қорғау күні.
Бүгін, 1 маусым Балаларды қорғау күні Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігі мен халыққа білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі шығармашылық байқауларға қатысқаны үшін белсенді отбасылар мен балаларға сыйлықтар табыс етілді. Мереке оқушылар үйі өнерпаздарының  ән-би өнерімен жалғасты. Біздің мектеп  балалары басқа қонақтармен бірге түрлі  секция жұмыстарын қызықтап,тамашалады. Онда құрдастары бисер тоқу, кимеде өрнек салу, кілем тоқу, сурет салу және т.б. бойынша шеберлік сабақтарын көрсетті.
Мектеп лагері
01
маусым
2022
Мектеп лагері
№ 100 ЖББМ КММ жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 1 маусымынан бастап мектепте "Күншуақ"мектеп жанындағы лагері өз жұмысын бастады. Мектеп жанындағы лагерьдің ашылуы мектеп аумағында өтті.Балалар түрлі сайыстарға, атап айтқанда   асфальтта сурет салу конкурсы, спорттық іс-шаралар, музыкалық байқауларға қатысты және  мереке соңында балалар тәтті сыйлықтар алды. Күншуақ" мектеп жанындағы лагерінде топтар  қазақ және орыс тілдерінде  жұмыс істейді. Жауапты тұлғалар:"Айгөлек" тобы- Нусипова Б.Б.
Жазғы мектеп
31
мамыр
2022
Жазғы мектеп
Жазғы мектепте жұмыс басталды. Пән мұғалімдері балалармен жасалған сабақ кестесіне сәйкес жұмыс жүргізеді.