Қазақстан Республикасының Рәміздер Күні » Школа №100 г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№100 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 399-40-28
Есепші бөлім:
+7 (727) 3743604
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасының Рәміздер Күні
03
маусым
2022

Қазақстан Республикасының Рәміздер Күні


03.06.2022 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы №100 ЖББМ КММ-де Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне арналған мектеп мерекесі салтанатты түрде аталып  өтті. Оған жазғы мектептегі бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты. Мереке әсем безендірілген мектеп кабинетінде ҚР Әнұранының салтанатты орындалуымен басталды. Сондай-ақ, Жазғы мектептің барлық топтарында Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері туралы мазмұнды сынып сағаттары өткізілді, онда мереке жүргізушілері және басқа да балалар "Менің Отаным-Қазақстан" атты өлеңдер байқауында үш тілде өлеңдер оқыды, патриоттық әндер шырқады (Слямғазы Аружан - "Туған жер" әні, Алтунов Давид " Алға, Қазақстан!"әні, Арипова Лия"Қазақстан Жері"әні), ал 3"Б" сынып оқушылары әдемі гүлдер биін орындады. Мерекеге қатысушылардың бірге орындаған "Біз Отанның Ұланымыз!"әні көрермендерге ерекше әсер етті. ҚР Рәміздер күні мектеп оқушыларының белсенді қатысуымен жоғары патриоттық деңгейде өтті.