Алматы көшелерімен «Көш. Наурыз – думан» керуені жүріп өтт » Школа №100 г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№100 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 399-40-28
Есепші бөлім:
+7 (727) 3743604
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы көшелерімен «Көш. Наурыз – думан» керуені жүріп өтт
21
наурыз
2024

Алматы көшелерімен «Көш. Наурыз – думан» керуені жүріп өтт

Алматы көшелерімен «Көш. Наурыз – думан» керуені жүріп өтті. Оған 1000-нан астам адам қатысты. 

Батыр, бүркітші, ақын және басқа да образдағы адамдар қала тұрғындары мен қонақтарын қуантты. Әжелердің шашуы мен ақындардың өлеңі керуен ажарын аша түсті. 

Арбадағы киіз үй, қыз күймесі, қоржынға жібек мата мен кілем артқан түйелер, сонымен қатар, Жеті қазына нышандары ұлтымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрінің тамыры тереңде екенін еске салды.

Керуен Абай атындағы алаңнан бастау алып, Астана алаңында мәреге жетті. Онда бүгін қала тұрғындары мен қонақтары үшін 1000-нан астам артистің қатысуымен негізгі мерекелік концерт өтіп жатыр.
https://www.instagram.com/reel/C4xvMThNYX_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​