05
ақпан
2024
«Отбасы мен мектептің құқықбұзушылықпен қараусыз қалудың алдын алу мәселелері бойынша өзара іс-қимылы» тақырыбында жалпы ата-ана жиналасы
Мектебімізде 18 қаңтар күні «Отбасы мен мектептің құқықбұзушылықпен қараусыз қалудың алдын алу мәселелері бойынша өзара іс-қимылы» тақырыбында жалпы ата-ана жиналасы болып өтті. Мектеп директоры Калынбаева Карлыгаш Нургазиевна жиналыс тақырыбы және күн тәртібіндегі мәселелермен ата-аналарды таныстырып кетті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Кәмілет жасына толмағандардың құқықбұзушылық жасағаны үшін ата-ана жауапкершілігі» тақырыбы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қойшыбай Назерке Кенжақынқызы баяндама жасап, ата-аналарға ситуациялық жағдаяттар таратты. Дәл осы тақырыпта мектеп инспекторы Быкова Ирина Александровна сөз сөйлеп, ата-аналар өздерінің сұрақтарын қойды. Күн тәртібіндегі 2 мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Алдажарова М.С. 1 жартыжылдық бойынша оқушылардың жеткен жетістіктерімен таныстырып кетті. Күн тәртібіндегі 3 мәселе бойынша бастауыш сынып пән мұғалімі Джульфаева А.У. «Гаджетке тәуелділік» тақырыбында ата-аналарға ұсыныстар айтып, пікір алмасты.