01
маусым
2022
Балаларды қорғау күні.
Бүгін, 1 маусым Балаларды қорғау күні Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігі мен халыққа білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі шығармашылық байқауларға қатысқаны үшін белсенді отбасылар мен балаларға сыйлықтар табыс етілді. Мереке оқушылар үйі өнерпаздарының ән-би өнерімен жалғасты. Біздің мектеп балалары басқа қонақтармен бірге түрлі секция жұмыстарын қызықтап,тамашалады. Онда құрдастары бисер тоқу, кимеде өрнек салу, кілем тоқу, сурет салу және т.б. бойынша шеберлік сабақтарын көрсетті.
