№100 жалпы білім беретін мектебінің кезекті жеңісі: «АЛТЫН КҮЗ» жарысында II орын! » Школа №100 г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№100 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 399-40-28
Есепші бөлім:
+7 (727) 3743604
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №100 жалпы білім беретін мектебінің кезекті жеңісі: «АЛТЫН КҮЗ» жарысында II орын!
12
қазан
2026

№100 жалпы білім беретін мектебінің кезекті жеңісі: «АЛТЫН КҮЗ» жарысында II орын!

№100 жалпы білім беретін мектебінің кезекті жеңісі: «АЛТЫН КҮЗ» жарысында II орын! 
Алматы қаласы Оқушылар сарайында спорттық туризм мен техникадан «АЛТЫН КҮЗ» атты қалалық жарыс өтті. 
№100 ЖББМ КММ 6 «Б» сынып командасы мектебіміздің намысын абыроймен қорғап, жоғары дайындық, ауызбіршілік, ширақтылық пен жеңіске деген ұмтылыс танытты! 
🏆 Нәтижесінде жүлделі II ОРЫНҒА ие болды! 
Біздің жас спортшыларымыз дипломмен, кубокпен және естелік сыйлық ретінде рюкзактармен марапатталды! 
Жарыс ұйымдастырушыларына жоғары деңгейдегі шара үшін, команда жетекшісіне оқушыларды сапалы дайындағаны үшін, ал дарынды оқушыларымызға табандылығы мен тамаша нәтижесі үшін алғыс білдіреміз! 
Әрбір жеңіс — жаңа шыңдарға жасалған маңызды қадам!
№100 мектеп — дарындар, жетістіктер мен үлкен жеңістер мекені! 
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Жаңа биіктер, жарқын әсерлер мен жаңа жеңістер тілейміз!"