Мектеп лагері
№ 100 ЖББМ КММ жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 1 маусымынан бастап мектепте "Күншуақ"мектеп жанындағы лагері өз жұмысын бастады. Мектеп жанындағы лагерьдің ашылуы мектеп аумағында өтті.Балалар түрлі сайыстарға, атап айтқанда асфальтта сурет салу конкурсы, спорттық іс-шаралар, музыкалық байқауларға қатысты және мереке соңында балалар тәтті сыйлықтар алды. Күншуақ" мектеп жанындағы лагерінде топтар қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді. Жауапты тұлғалар:"Айгөлек" тобы- Нусипова Б.Б. және Алишева Г. Д., "Радуга"тобы- Джульфаева А. У. және Атамқұлова А. Е., "Дружба "тобы– Әмірбаева Г.М., "Чудаки"тобы - Ткаченко Л. А.Мектеп жанындағы лагерь жұмысына бастауыш мектеп мұғалімдері, дене шынықтыру мұғалімі, музыка мұғалімі, ағылшын тілі, қазақ тілі мұғалімдері, көркем еңбек мұғалімі, медицина қызметкері тартылған.
