22
ақпан
2021
Жетістіктер
Жоғарғы оқу орнын бітіріп,жүрегі алып ұшқан әр жас маманның мақсаты - бала кезден армандаған кәсібіне қол жеткізу.Біздің де көкейімізді сан сұрақ мазалады. “Қай мекемеге орналасар екенбіз?”. “Қандай адамдармен бірге жұмыс істейміз?” деген толқыныс болды.
Алайда, №100 ЖББМ-ке ат басын тірегенде бәрі де біз ойлағандай қиын болмады.Мектеп басшысы Алия Бердиярқызы күлімдеп қарсы алып, бірден баурады.Қуана жұмысқа қабылдады.Мектеп ұжымына жылдам бейімделуімізге көңіл бөліп, қолдау көрсетіп, сенім артты. Біз де ұжымға бірден үйреніп, тез сіңіп кеттік.
Tengrinews сайтында жарияланған мектеп басшысы мен жұмыс іздеуші арасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесіне мүлдем келіспейміз. Жұмысқа орналасқанша қоғам ішінде осындай пікірлерді естіп жүргенімізбен осы мектепке жұмысқа тұрғалы мұндай пікірдің қате екеніне толықтай көзіміз жетті.
Мамандығын дұрыс таңдаған әр жас маман өз пәнін жетік меңгерсе, талмай ізденсе, бойындағы жастық жігерін, жаңашылдығын шәкірт тәрбиесіне арнаса, алар асуы биік болары сөзсіз ғой.


