Алматы қаласы №100 орта мектеп
Алматы қаласының №100 жалпы білім беретін мектебі
Алматы қаласының №100 жалпы білім беретін мектебі 1938 жылы пайдалануға берілді.
Мектеп директоры Аблашова Әлия Бердияровна
Мектеп Алматы қаласы Погодин көшесі, 41 мекен-жайында орналасқан.
Мектеп екі қабатты. 2010-2011 жылдары сейсмикалық күшейтілген күрделі жөндеу жүргізілді.
Оқыту тілі-мемлекеттік және орыс тілдерінде. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы мектеп.
Мектептің сыйымдылығы-420 оқушы. Қазіргі уақытта 622 оқушы оқиды.
Оқыту екі ауысымда өтеді.
Жұмыс істеп тұрған 18 кабинет бар, олардың ішінде: информатика кабинеті-1; физика кабинеті – 1; химия кабинеті - 1; биология кабинеті-1.
Сондай-ақ спорт залы, волейбол манежі, футбол алаңы, гимнастика алаңы, 60 орындық кітапхана мен асхана бар.
Педагогикалық ұжым тату, ұйымшыл.
Мектепте 55 педагог жұмыс істейді, оның ішінде:
Педагог зерттеушілер - 7;
Педагог-сарапшылар-5;
Педагог-модераторлар-5;
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мұғалімдер-7;
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мұғалімдер-2;
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мұғалімдер-5.









