Сынып сағаты
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығын мерекелеу аясында 4 мамыр күні жалпы мектепішілік онлайн сынып сағаттары өткізілді. Әр сынып сағатының тақырыбын сынып жетекшілері анықтады. «Екінші дүниежүзілік соғыстың басты шайқастары», «Соғыс балалары», «Есімде, мен мақтанамын» сынып сағаттары мектептің барлық оқушыларын қамтыды.