Ақпарат » Страница 46 » Школа №100 г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№100 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 399-40-28
Есепші бөлім:
+7 (727) 3743604
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жас Ұлан" және "Жас Қыран"
14
желтоқсан
2021
"Жас Ұлан" және "Жас Қыран"
Республикалық біріңғай "Жас Ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған. Бұл ұйым қоғамдық ұйым болып табылады. "Нұр Отан" ХДП XIII съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін "Жас Ұлан" біріңғай балалар ұйымының жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен болатын. Мектебімізде өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді оятып, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлықтың, Отан тарихында Тәуелсіз Қазақстанның
Танымдық ойын-сауық
08
желтоқсан
2021
Танымдық ойын-сауық
08.12.21 ж. мектепте педагог Б. Шыныбаева "Мен өз жылқымды жақсы көремін" танымдық ойын-сауық өткізді. Кейбір мәселелер бойынша үй тапсырмасы алдын-ала ұсынылды (мақал-мәтелдер мен музыкалық байқау). Балалар "Джокей" және "Шабандоз" командалары болып бөлінді. Топтар  жылқыларды тану  мен тапқырлықты білуден жарысты. Екі командада да қолдау топтары болды.  
"Жемқорлыққа жол жоқ!"
02
желтоқсан
2021
"Жемқорлыққа жол жоқ!"
Оқушыларды адалдыққа тәрбиелеу, дүниетанымдарын кеңейту, адамгершілікке тәрбиелеу, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту мақсатында, "Жемқорлыққа жол жоқ!" тақырыбында "Қыран" пікірсайыс клубы дөңгелек үстел өткізді.  
1 желтоқсан
01
желтоқсан
2021
1 желтоқсан
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай "Ел басы - Ел данасы" тақырыбында Есберген А.П. 9,11 сынып оқушыларымен, жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, адам баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгеру, "Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан" үлгі алуға тәрбиелеу мақсатында ашық тәрбие сағатын өткізді.
«Біз жемқорлыққа қарсымыз»
30
қараша
2021
«Біз жемқорлыққа қарсымыз»
9 желтоқсан - Халықаралық жемқорлықпен күресу күніне орай 7-сынып оқушыларының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқушылар сыбайлас жемқорлықтың, пайда табуға құнығудың соңы тек жамандыққа әкеп соғатындығын, әсіресе жас ұрпақтың болашағына балта шабатындығын жан-жақты ұғынды. Жастайынан адамгершілік қасиетті бойына сіңіру арқылы ғана адамзаттық борыштарын ақтай алатындықтарына көз жеткізді.
«Жаратылыстану ғылымдарының тоғысында»
19
қараша
2021
«Жаратылыстану ғылымдарының тоғысында»
Жаратылыстану -математика бірлестігінің «На перекрестке естественных наук» тақырыбындағы онкүндік аясында 5-6 сыныптар арасында мектебіміздің математика пәні мұғалімі Есберген А.П. балаларды жылдамдыққа баулу және математика пәніне деген қызығушылығын, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында, «Кім жылдам?» атты интеллектуалды сайыс өткізді. Балалар 1 және 2 дәрежелі мақтау қағаздарымен марапатталды. Информатика пән мұғалімі Нусіпова Д.О. «Бағдаршам-робот» тақырыбында 4 «А» сынып