2023 жыл бойынша ҚОРТЫНДЫ » Школа №100 г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№100 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 399-40-28
Есепші бөлім:
+7 (727) 3743604
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023 жыл бойынша ҚОРТЫНДЫ
26
желтоқсан
2023

2023 жыл бойынша ҚОРТЫНДЫ

№100 жалпы білім беретін мектеп оқушылары ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық  ұйымының ұйымдастыруымен өткізіліп  жатқан іс-шараларға  белсене қатысып  келеді. Атап   айтсақ.  жалпы білім беретін  пәндер бойынша  олимпиаданың аудандық кезеңінде   2022-2023 оқу жылында  төмендегідей  жетістіктер   көрсетті.  Математикадан   5  сынып оқушысы Зубанова Аврора, қазақ  тілі мен   әдебиеті  пәнінен 5  сынып оқушысы Болат Рамазан, 6 сынып  оқушысы Исламова Самина,7 сынып оқушысы Абилжан  Аружан, 8 сынып оқушысы  Асматуллаева Мадиана, 9  сынып оқушысы   Науырызбаева Сая,физика пәнінен   7   сынып оқушысы  Панькова Юлиана, 8 сынып оқушысы Лопатько Валерия, химия пәнінен 7   сынып  оқушысы Матвеева Амина, Қазақстан тарихы пәнінен  7 сынып  оқушысы Айкенова Сабина, 8 сынып оқушысы   Орлов Даниил, 9 сынып оқушысы   Филимонова Эвелина, 7  сынып   оқушысы Ықсан Жұлдыз,орыс тілі мен   әдебиеті пәнінен 9 сынып оқушысы   Криворучко  Вероника  жүлделі орындарға  ие   болды. Олимпиаданың қалалық   кезеңіне физика пәнінен  бір оқушы Асматуллаева Мадиана, қазақ тілі мен   әдебиеті пәнінен   бір  оқушы Наурызбаева Сая қатысып, 3  орын   алды.

     2023-2024   оқу жылы  аудандық  кезеңде химия пәнінен  9 сынып оқушысы Матвеева Алина  3 орын,биология пәнінен 9  сынып  оқушысы   Лушова Ангелина 3- орын, орыс тілі мен   әдебиеті пәнінен 9  сынып   оқушысы Лопатько  Валерия  3-орын, қазақ   тілі мен  әдебиеті пәнінен 9  сынып  оқушысы  Асматулаева Мадиана 3-орын алды.

 Оқушылардың ғылыми зерттеуі, оқу және  танымдық қызметін жандандыру олардың ақыл-ой еңбегін бағалау және оларды қолдаумен қатар ерекше жас зерттеушілерді  қамтамасыз ету мақсатында да жұмыстар ұйымдастырылған.

Жалпы  білім   беретін  пәндер  бойынша республикалық  зерттеу   жобалар  конкурсының қалалық  кезеңінде  2022-2023 жылы тарих  секциясында   8 сынып оқушысы Сералинова Дарина 1 орынфизика секциясында   Асматтулаева Мадиана 1  орын   алды.2023-2024 жылы өлкетанудан 9  сынып оқушысы   Лопатько  Валерия 2 орын  алды.

         2-7 сынып   оқушылары арасында өткізілген   «Зерде» Республикалық зерттеу жобалары конкурсынына да  оқушылар   белсенділікпен  қатысып  келеді.

2022-2023 оқу жылы физикадан  7  сынып   оқушысы Сейткали  Амина  аудандық   кезеңнен 1 орын, қалалық  кезеңнен 3  орын алды. 7 сынып  оқушылары Слямғазы Аружан мен  Абилжан   Ақнур   2  орын, Қазақстан  тарихынан   7  сынып  оқушысы Айкенова Сабина  2   орын  алды.2023-2024 оқу жылы бұл  сайысқа қатысқан  оқушылар,   биологиядан 6  сынып оқушысы   Болат   Рамазан  3  орын, қазақ   тілі мен  әдебиетінен 4  сынып Шимшилова Мариям  1 орын, өлкетанудан 7  сынып оқушысы  Водяная Агата 3  орын, 6  сынып   оқушысы Жумагалиева Тиана 3-орынды иеленді. 

9 сынып оқушылары  Лопатько  Валерия мен Сералинова Дарина және 10 сынып оқушысы Бекмурат  Бауыржан  «Лингвистикалық олимпиаданың» аудандық кезеңіне   қатысып, жүлделі 3-орынға ие болды.

«Менің кіші Отаным»  интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңінің  «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша 

   Шығармашылықпен  жұмыс жасайтын үздік ұстаздарды анықтау  және  озық инновациялық жұмыстарды насихаттау мақсатында өткізілген «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының  аудандық   кезеңінде  қазақ  тілі   мен  әдебиеті  пәні   мұғалімі  Айткалиева Асем  Асылбековна   1-орын алса,  жас маман  физика пәні   мұғалімі Қажымов Жандос 3- орын   алды.Тарих  пәні  мұғалімі Қабылханова Марал  Джанайевна «XXI ғасырдағы ұлттық  сана және білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы» сайысының  аудандық  кезеңінде 1- орынды   иеленсе, қалалық  кезеңінде 3   орын  алды.Орыс  тілі   мен  әдебиеті пән  мұғалімі Мусина   М.Ш қалалық   эссе сайысында бірнеше жүлделі орындарға   ие  болды.  Бастауыш   сынып  мұғалімі Сарсембаева Ж.И «Алтын  тұғыр» сайысына  қатысып,қалалық  кезеңге   жолдама алды. Мектептің жеткен жетістіктері, өткізілген іс-шаралар  дер кезінде мектептің әлеуметтік желісінде жарияланып отырылды.