«Бес табан» және «Бес асық» » Школа №100 г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№100 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 399-40-28
Есепші бөлім:
+7 (727) 3743604
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бес табан» және «Бес асық»
20
қараша
2023

«Бес табан» және «Бес асық»

Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің тапсырмасы бойынша, 2023 жылдың 17 қарашада еліміздің барлық мектептерінде бір мезгілде ұлттық ойындар челленджі өткізілді. Челленджге мектебіміздің оқушылары қатысып, «Бес табан» және «Бес асық» ойындарын ойнады.
Челлендждің мақсаты — білім алушыларды рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу.
«Ұлттық ойындар – адамға қанат бітіріп, шабыттандыратын ғажайып сайыстар, ол денсаулықтың ғана емес, өмір үйлесімділігінің кепілі. Мәселен, асық ойнау баланың жүйке-бұлшықет жүйесін шынықтырады, дүниетанымын кеңейтеді, оның шапшаң қимылдауына әсер етеді, сондай-ақ көру қабілетін жақсартады.