«Бастауыш мектеп» мұғаліміне ( орыс тілінде білім алатын сыныптарда) конкурс жариялайды
«Бастауыш мектеп» мұғаліміне ( орыс тілінде білім алатын сыныптарда ) конкурс жариялайды
«№100 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мекен-жайы: 050019 Алматы қаласы, Погодина көшесі, 41 үй.
Тел: +7 (727) 399 40 28
Электрондық поштасы: 100@alschool.kz
Бастауыш мектеп мұғалімінің бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды.
Бос лауазымға орналасуға үміткер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлер лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына» сәйкес біліктілік сипаттамаларына сәйкес келуі тиіс. Құжат мұғалімге жүктелетін міндеттерді белгілейді. Бұл құжатты осы хабарландырудың 3-қосымшасынан табуға болады.
Жалақы мөлшері: 150 000 теңге жалақы мөлшерінде, жалақы талапкердің біліктілігіне және педагогикалық өтіліне байланысты.
Еңбек жағдайлары: еңбек шартымен анықталады.
Байқау мерзімі 18.08.2023ж бастап 29.08.2022 ж.дейін.
Құжаттарды қабылдау 28.08.2022 жылы сағат 18.00-де аяқталады
Конкурсқа құжаттар жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
Конкурсқа ұсынылатын құжаттар тізімі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде электрондық немесе қағаз жеткізгіште мынадай құжаттарды жібереді:
1) осы хабарландырудағы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен байланыс телефондары – бар болса);
4) педагог қызметкерлердің үлгілік біліктілік сипаттамаларында бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; https://adilet.zan.kz/rus/docs/V090005750_
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда еңбек кітапшасы);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасы нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы No ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының сертификаты (болған жағдайда);
10) осы хабарландырудағы
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос немесе уақытша бос педагог лауазымына орналасуға үміткердің толтырылған бағалау парағы.
Посмотреть онлайн файл: konkurs-zajavlenie-2.doc
Посмотреть онлайн файл: ocenochnyj-list-1.doc
Посмотреть онлайн файл: tipovye-kvalifikacionnye-harakteristiki-dolzhnostej-pedagogov-1.doc