29
мамыр
2023
Құрметті ата-аналар мен «№100 жалпы білім беретін мектеп» оқушылары!

Алда жазғы демалыс! Бұл уақытты қызықты әрі пайдалы өткізсін деген мақсатпен мектеп «Күншуақ» демалыс лагеріне шақырады! Мұнда балалар қосымша тіл үйреніп, қол- өнермен, қосымша үйірмелермен айналысып, спорттық жаңа жабдықтармен қамтылған спорт алаңында ойындар ойнап, уақыттарын тиімді өткізе алады.
Ұстаздарымыз балалардың әр күнін қызықты өткізуге тырысып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Лагерьге байланысты қояр сауалдарыңыз болса, сынып жетекшісімен хабарласыңыздар!
Мектеп жанындағы «Күншуақ» лагері 2023 жылдың 05.06 -30.06 аралығында таңғы сағат 8.30-дан бастап жұмыс істейді.
Лагерьден қалмай, уақытында келулеріңізді өтінеміз!