21
ақпан
2023
01 наурыз Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні қарсаңында
01 наурыз Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күнін атап өту мақсатында мектепішілік іс- шаралар жоспарланды. 21 ақпан күні 1-9 сыныптар арасында «Жер сілкінісі кезіндегі қарапайым 10 қадам» атты сынып сағаттары өтілді. Онда оқушыларға үрейленбеуге, жер сілкінісі кезінде лифт қолданбауға, жиһаздармен шыны заттардан ары тұруға, басты қолмен жауып жасырынуға, дүмпу тоқтағаннан кейін үй- жайдан кетуге, кетер алдында шамды, суды, газды сөндіруге , ТЖ арналған шабаданды дайындап қоюға , электр бағанасымен ғимараттардан аулақ болуға, қайталанған дүмпуге дайын болуға , балаларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетуге шұғыл көмек телефондарын жатқа білуге, қәуіпсіздік әліппесін телефонға жүктеп алудың маңыздылығы жөнінде кеңінен кеңестер берілді.
