
2022 жылдың 28 қыркүйегiнде «БIЛIМ 100» БПҰ «АМАНАТ» партиясының саяси тұғырнамасының жобасын талқылау жиналысы өттi. "АМАНАТ" партиясының жаңа тұғырнамасы ағымдағы жылдың наурыз айында басталған толық ауқымды партиялық трансформацияның бiр бөлiгі болып табылады.Қазақстан өз дамуының жаңа кезеңiне аяқ басты. Бiздiң алдымызда терең саяси және экономикалық реформалар жүргiзу, демократиялық принциптерге негiзделген жаңа, Әдiлеттi Қазақстан кұру мiндетi тұр. Осынау тарихи сәтте ел тағдыры үшiн жауапкершiлiктi өз мойнына алып, мақсатқа жұмыла кірісетін кез келді. Егемендi ел, азат ел, ашық қоғам - бiздiң мызғымас кұндылықтарымыз. Мұны елiмiздiн әрбір азаматы жақсы түсiнедi.