2022 жылғы шығарылым
Міне, 2022 түлектерімен қоштасу сәті де келді. Еліміздің барлық мектептеріндегідей, бүгін біздің мектеп түлектеріне де толық орта білім туралы аттестат табыс етілді. Оларға қаншама ізгі тілектер мен көңіл тебірентер сөздер айтылды! Мектеп директоры Әлия Бердияровна өз сөзінде әр түлекті ерекше атап өтіп, олардың шын мәнінде мақсатты, креативті және мейірімді жастар екендігіне сенім білдірді! Сынып жетекшісі Айгүл Полатқызы балалар мен олардың ата-аналарына оқу кезінде көрсеткен қолдауы, өзара түсіністігі үшін алғысын білдірді. Түлектердің ата-аналары біздің мектебіміз бен мұғалімдерімізге алғыс айтты , мектеп бітіруші Айдынның сөзі эмоция мен таңданыс тудырды. Кенже Қожабекқызы, әдеттегідей, мектеп бітірушілер құрметіне керемет концерт дайындады. Жас түлек, армандарыңызға жарқын жол, сәт сапар тілейміз!
