«Балақайлар мектебі» » Школа №100 г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№100 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 399-40-28
Есепші бөлім:
+7 (727) 3743604
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балақайлар мектебі»
11
тамыз
2021

«Балақайлар мектебі»

  «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлық   курс оқушыларына Ұлы Абай   жөнінде  мағлұмат беріп таныстыруда.    

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845-1904 жылдары өмір сүрген. Ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер.

Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Ол Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған.

Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» – тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Оның шығармалары бүгінгі күнге дейін әлемнің  60 тіліне аударылған. Қазіргі таңда Алматыда ақынның атымен жоғары оқу орны, опера және балет театры, үлкен даңғыл аталса, көркем әдебиет саласмы бойынша мемлекеттік сыйлық тағайындалған.