27
қазан
2023
Қамқоршылар күні
Қамқоршы күні-бұл ерекше мерекелердің бірі. Бұл мереке әртүрлі себептермен ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды тәрбиелеуге алған адамдар үшін.
Жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынан қалған балаларға ата-ана болып жүргендерге алғыс білдіру дәстүрге айналды. Осы мақсатта 27 қазан күні Медеу ауданының № 12 мектеп-гимназиясында аудан мектептерінің қамқоршыларын марапаттау рәсімі өтті. Қамқоршы ата –аналар Алматы қаласы Білім басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды және мектеп атынан сыйлықтар берілді. Мерекелік кеш Медеу аудандық Білім бөлімінің басшысы Сапарова Ағайша Амировнаның құттықтау сөзімен басталды. Ағайша Амировна қамқоршыларымыздың кең жүректері мен балаларға деген махаббаттары үшін алғыс айтты. ҚММ №12 мектеп – гимназия оқушылары мәнерлеп өлең оқып, ән шырқап , ұлттық аспапта ойнап көрерменді тамсандырды. Мерекелік салтанатты кештен кейін, қамқоршылар ақ дастархан басына шақырылды. Қамқоршыларымыз риза болып, алғыстарын айтты.