15
желтоқсан
2022
«Тәуелсіздік тұғырым»

Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына орай С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында «Тәуелсіздік тұғырым» атты тарихи-танымдық шара болып өтті. Аталмыш шараға Желтоқсан оқиғасының ардагерлері мен №100 жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысып, өлең жолдарын оқып, әннен шашу шашты.Ардагерлер оқушылардың толғандырған сұрақтарына жауап берді.