05
мамыр
2020
Сыбайлас жемқорлық
N° 100 ЖББ мектепте сәуір айының 22 жұлдызында қашықтықтан оқыту бойынша
мектептің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Камысбаева А.К. және
11 А сынып жетекшісі Инсенова М.Д. ұйымдастыруымен "Сыбайлас жемқорлық"
тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты қазіргі таңдағы жемқорлықтың қоғам дертіне айналып, мемлекеттің, қоғам
дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет екенін оқушы санасына сіңіру,
сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алуға тәрбиелеу,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру. Тәрбие сағаты барысында
видеороликтер, слайдтар көрсетілді. Оқушылар өз түсініктерін айтып ойларымен
бөлісті. Мұғалім "Жемқорлық" туралы жан-жақты түсініктер беріп, оқушылардың қойған
сауалдарына жауап берді.