Ақпарат » Страница 52 » Школа №100 г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№100 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 399-40-28
Есепші бөлім:
+7 (727) 3743604
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Біз жемқорлыққа қарсымыз»
30
қараша
2021
«Біз жемқорлыққа қарсымыз»
9 желтоқсан - Халықаралық жемқорлықпен күресу күніне орай 7-сынып оқушыларының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқушылар сыбайлас жемқорлықтың, пайда табуға құнығудың соңы тек жамандыққа әкеп соғатындығын, әсіресе жас ұрпақтың болашағына балта шабатындығын жан-жақты ұғынды. Жастайынан адамгершілік қасиетті бойына сіңіру арқылы ғана адамзаттық борыштарын ақтай алатындықтарына көз жеткізді.
«Жаратылыстану ғылымдарының тоғысында»
19
қараша
2021
«Жаратылыстану ғылымдарының тоғысында»
Жаратылыстану -математика бірлестігінің «На перекрестке естественных наук» тақырыбындағы онкүндік аясында 5-6 сыныптар арасында мектебіміздің математика пәні мұғалімі Есберген А.П. балаларды жылдамдыққа баулу және математика пәніне деген қызығушылығын, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында, «Кім жылдам?» атты интеллектуалды сайыс өткізді. Балалар 1 және 2 дәрежелі мақтау қағаздарымен марапатталды. Информатика пән мұғалімі Нусіпова Д.О. «Бағдаршам-робот» тақырыбында 4 «А» сынып
"Қазақ эпос"
19
қараша
2021
"Қазақ эпос"
"Қазақ эпос" республикалық ағарту жобасының ұйымдастыруымен өткізілген "Тұлпар мініп ту алған" байқауына мектебіміздің 9 "А" сынып оқушысы Талғатұлы Таңат қатысып, дипломмен марапатталып, 100 000 теңге сыйлыққа ие болды. Жетекшісі: Суанбекова Б.Ж. Байқаудың өскелең ұрпақтың шығармашылығын дамытуға, қазақ халқының асыл мұрасына деген қызығушылықтарын арттыруға, рухани жан-дүниесін байытуға қосар үлесі ұшан-теңіз. Осындай жарыстар жалғаса берсін!
«Жаратылыстану ғылымдарының тоғысында»
18
қараша
2021
«Жаратылыстану ғылымдарының тоғысында»
Мектебімізде 16.11.2021-26.11.2021ж.аралығында жаратылыстану-математика бірлестігінің "На перекрестке естественных наук" тақырыбында онкүндік жүріп жатыр. Осы орайда, әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің ұйымдастыруымен балалардың ғылымға деген ой-өрісін және интеллектуалды қызығушылығын дамыту мақсатында 2-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың "Зерде" республикалық байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді. Физика, жаратылыстану, қазақстан тарихы,
"Жас ұлан" және "Жас Қыран"балалар-жасөспірімдер ұйымы
06
қараша
2021
"Жас ұлан" және "Жас Қыран"балалар-жасөспірімдер ұйымы
Бүгін Оқушылар сарайында "Жас ұлан" және "Жас Қыран" балалар-жасөспірімдер ұйымдарының мүшелігіне қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Біздің мектептің оқушылары: Слямғазы Аружан (6а сынып) "Жас Қыран", Фролов Максим (3б сынып) "Жас Ұлан" ұйымдарына қабылданды.Құттықтаймыз!
"Күзгі блюз" поэтикалық кеші
05
қараша
2021
"Күзгі блюз" поэтикалық кеші
"Оқу мектебі" жобасы аясында 4 "Б" сыныбында,сынып жетекшісі Л.А. Ткаченко "Күзгі блюз" поэтикалық кеш өткізді. Балалар күз туралы ұлы ақындардың өлеңдерін үлкен қуанышпен оқыды.Осы кеште "Күзгі көрініс" суреттер мен қолөнер сайысы өткізілді.