“ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ-ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ”
“ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ-ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ” 18.03.2024 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы «№100 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған аудандық іс-шара өтті. Халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан бала тәрбиесінде ешкімге ұқсамаған өзіне ғана тән тәрбиесінің, тәртібінің, мәдениетінің болғандығын ешкім жоққа шығара алмайды. Себебі тақырып барлық салаға да қатысты, әрі ауқымды.