1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын! / Поздравляем с 1 июня – Международным днем защиты детей! » Школа №100 г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№100 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 399-40-28
Есепші бөлім:
+7 (727) 3743604
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын! / Поздравляем с 1 июня – Международным днем защиты детей!
01
маусым
2026

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын! / Поздравляем с 1 июня – Международным днем защиты детей!

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!

Құрметті оқушылар, ата-аналар және ұстаздар!

Сіздерді жаздың алғашқы күнімен және ең жарқын мереке – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Балалар – біздің өміріміздің мәні, болашағымыз бен басты байлығымыз. Мектебіміздің әрбір оқушысы – өзінше бір талант, бірегей тұлға. Біздің басты міндетіміз – балаларымыздың қауіпсіз, бақытты әрі сапалы білім алатын ортада өсуін қамтамасыз ету.

Бұл күн тек мереке ғана емес, сонымен бірге үлкендер қауымына балалық шақтың шуағын сақтау, оларға қамқорлық пен жылылық сыйлау жауапкершілігін еске салатын ерекше күн.

Қымбатты балалар! Сендерге зор денсаулық, сарқылмас қуаныш және қызықты жазғы демалыс тілейміз! Армандарың асқақ, мақсаттарың айқын болсын. Езулеріңнен күлкі, жүздеріңнен нұр кетпесін! Жазғы демалысты жақсы өткізіп, жаңа оқу жылына үлкен шабытпен оралыңдар!

Мереке құтты болсын!

Поздравляем с 1 июня – Международным днем защиты детей!

Уважаемые учащиеся, родители и педагоги!

От всей души поздравляем вас с первым днем лета и самым замечательным, теплым праздником – Международным днем защиты детей!

Дети – это наш смысл жизни, наше будущее и наше главное достояние. Каждый ученик нашей школы — это уникальный мир, полный талантов, надежд и открытий. Наша общая задача — окружить их заботой, вниманием и создать все условия для того, чтобы они росли счастливыми, здоровыми и уверенными в своих силах.

Этот день напоминает нам, взрослым, о том, какая огромная ответственность лежит на наших плечах за сохранение безмятежного и радостного детства для каждого ребенка.

Дорогие наши ребята! Желаем вам крепкого здоровья, отличного настроения, верных друзей и незабываемых летних каникул! Пусть ваши мечты обязательно сбываются, а каждый день приносит новые поводы для улыбок и гордости. Растите смелыми, любознательными и счастливыми! Хорошо отдохните за лето и возвращайтесь в школу с новыми силами!

С праздником! Позади учебный год, впереди — яркое лето!