«Жырлайды жүрек»: Мұқағали әлеміне саяхат » Школа №100 г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№100 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 399-40-28
Есепші бөлім:
+7 (727) 3743604
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жырлайды жүрек»: Мұқағали әлеміне саяхат
10
ақпан
2026

«Жырлайды жүрек»: Мұқағали әлеміне саяхат

https://www.instagram.com/reel/DUkR43hCsfa/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​🕊 Ақиқ ақынға тағзым
Бүгін, 9 ақпан, Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасы мен «Құлансаз» этно-фольклорлы ансамблінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы Мұқағали Мақатаевқа арналған «Дариға-жүрек» рухани-әдеби кеш өтті.
Кешке зиялы қауым өкілдері, оқырмандар, балалар мен студенттер қатысып, ақынның өшпес өлеңдері мен сөзіне жазылған әндер арқылы Мұқағали әлеміне тағы бір мәрте бойлады.
🎤 Сонымен қатар, 7 «А» сынып оқушысы Алдынгурова Аружан мен 10 «А» сынып оқушысы Нұралы Нұрислам осы рухани кеште ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
🎶 «Құлансаз» этно-ансамблінің орындауындағы арнаулар мен әндер,
🎙 жас орындаушылар мен студенттердің поэзиясы,
🎵 жүрекке жеткен әндер мен естеліктер — кештің әр сәтін поэзияға, сағынышқа, рухқа толтырды.
✨ «Үш бақытым», «Мен сені сағынғанда», «Есіңе мені алғайсың», «Отан» сынды әндер ақын жырларының мәңгілік екенін тағы бір дәлелдеді.
📖 Мұқағали — жүректе.
📖 Мұқағали — жырда.
📖 Мұқағали — ұлттың рухы.
Осындай рухани кездесулерде қайта жолыққанша!