04
қазан
2024
“Дублер күні” мектепте білім алушылардың өзін-өзі басқару күні
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында Мұғалімдер күніне арналған “Дублер күні” мектепте білім алушылардың өзін-өзі басқару күнін ұйымдастыру және өткізуді мектеп парламенті және білім беру ұйымының педагогикалық ұжымы ұйымдастырды. Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің рөлінде - мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары болды
