Құқық бұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет » Школа №100 г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№100 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 399-40-28
Есепші бөлім:
+7 (727) 3743604
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқық бұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет
05
ақпан
2024

Құқық бұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет

Құқық бұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен оның алдын алу бойынша мектебімізде маңызды кездесу өтті. Нақты айтар болсақ, Алматы қаласы, Медеу аудандық Прокуратура бөлімінің прокуроры Нұрлыбеков Әділ Талғатұлы және Маделханұлы Қожахмет жоғары сынып оқушыларымен “Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық” тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс кезінде мектеп оқушыларына кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі уақытта көшеде ата-анасының немесе заңды өкілінің еруінсіз жүруге тыйым салынғанын айтып, жалпы түсінік беріп өтті.
Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді. Мамандар қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Кездесуге қатысқан оқушылар өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.


https://www.instagram.com/reel/C2zE5V9t2Ll/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​