ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР » Школа №100 г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№100 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 399-40-28
Есепші бөлім:
+7 (727) 3743604
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР
13
қараша
2023

ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР

Айтыс – қазақ халқының ертеден қалыптасқан жыр жарысының бір түрі. Айтысқа суырып салма ақындар мен көркем сөз шеберлері қатысады. Білім беру ұйымдарында «ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ҰЛТТЫҚ мәдени-ағартушылық жобасы аясында жаппай мерекелер, байқаулар, көрмелер, сайыстар, олимпиадалар, фестивальдер өткізіледі.
Жобаның мақсаты: қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық бірегейлік, әлеуметтік құзыреттілік, білім алушыларды өз халқының мәдени дәстүріне, көпұлтты мемлекет жағдайында жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу.
Осы орайда мектебімізде Айтыс өнері туралы 8 сынып оқушыларының қатысуымен кітапхана меңгерушісі Садықан Ақерке Бекболқызы дөңгелек үстел өткізді. Оқушыларға видео көрсетіліп, шешендік өнер туралы жазылған кітаптар таныстырылды. Дөңгелек үстел барысында оқушылармен пікір алмасу болды.[media=
]