26
сәуір
2023
2023 жылғы 26 сәуірде № 100 ЖББМ КММ Медеу аудандық прокуратурасының өкілдері
2023 жылғы 26 сәуірде № 100 ЖББМ КММ Медеу аудандық прокуратурасының өкілдері: аға прокурор А. А. Оразалиев, бөлім прокуроры Р. А. Шарикбаев және Медеу аудандық ювеналды полиция капитаны А. Б. Нұрымбетованың қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын - алу мақсатында профилактикалық кездесуі өтті. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің сағат 23.00-ден кейін үйден тыс болуына ата-анасының жауапкершілігі туралы түсіндірме өтілді. Аудандық прокуратура өкілдері мектептің 8-9 сынып оқушыларына тыйым салынған заттарды тарату және қолдану қаупі туралы ескертті. Әңгімеде қылмыстық құрылымдар түрлі жарнама арқылы жақсы жалақы ұсына отырып, жасөспірімдерді қылмыстық желілерге тартып, түрлі айла-амалдарға баратыны ескертті.
Кездесу барысында балалар жақындары ауырған жағдайда дәріханаға шұғыл бару, кәмелетке толмаған жасөспірімнің көлік жүргізуінің қаншалықты заңды екені туралы сұрақтар қойды. Ювеналды полиция өкілі ерекше жағдайларды ескеретінділігі сонымен қатар кәмелетке толмаған адамның көлік жүргізуінің заңсыздығын атап өтті.
Прокуратура және ювеналды полиция өкілдерімен кездесу жақсы, достық атмосферада өтті.Оқушылар прокурор және полиция қызметкері болудың қыр сырына қызығушылық танытты.