2018 жылдың қарарашасында №100 ЖББМ-те « Ұлттық тәрбие – сапалы білім берудің негізі»тақырыбында кездесуұйымдастырылды.
2018 жылдың 26 қарашасында №100 ЖББМ-те « Ұлттық тәрбие – сапалы білім берудің негізі»тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.Кездесуге
ҚазҰУ-нің профессорлары Болат Әбенов, Арман Жұмаділ, жазушы Қуандық Түменбай, университет студенттері, жоғары сынып оқушылары, «Адал ұрпақ» клуб мүшелері қатысты. Қазіргі таңда жас ұрпақпен аға буынның кездесуі, ой бөлісуі маңызды.Кездесу барысында аға ұрпақ өкілдері қоғамдағы келеңсіз жайттардың туындауы,оның алдын алу туралы қойылған сұрақтарға пікірлерін айтып, кеңес берді.Ұлы даланы мекен еткен түркі халықтарының тамырластығы, адамзат тарихына қосқан сүбелі үлесі, өркениеті жайлы тереңнен толғады. Жас ұрпаққа Ұлы тарихымызды мақтан тұтып, игі істерді жүзеге асыруға шабыт берді. Кездесуәсерлі де,мазмұнды өтті.
Ұлттық тәрбие- ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетін асыл қазынамыз. Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру, рухани болмысымен өмір сүруге баулу-келешекке кемел оймен қарау деген сөз.