Ақпарат » Страница 45 » Школа №100 г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№100 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 399-40-28
Есепші бөлім:
+7 (727) 3743604
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
7 мамыр Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні.
07
мамыр
2022
7 мамыр Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні.
Бүгін барлық сыныптарда отансүйгіштікке және Отанға деген сүйіспеншілікке баулуды мақсат еткен қарым-қатынас сағаттары өтті. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Қарулы Күштерін құру туралы Жарлық шықты. Осы күннен бастап бүкіл ел Отан сарбаздарын құрметтейді.
Мереке құтты болсын!
29
сәуір
2022
Мереке құтты болсын!
Қазақстанда     тұратын түрлі ұлт өкілдерінің берік достығын, өзара түсіністігі мен қолдауын  көрсететін   Қазақстан     халқының  ынтымақтастық    күні    жақындап қалды. Қазақстан халықтары Ассамблеясы – мемлекеттің мызғымастығы мен тұтастығының жарқын үлгісі.  Бүгін  осы  тамаша мерекеге арналған   сынып сағаттары өтті.    Мереке құтты болсын! .
Суреттер көрмесі
26
сәуір
2022
Суреттер көрмесі
"Оқу мектебі" жобасы аясында мектебімізде үнемі оқылған шығармалар бойынша суреттер көрмесі өтеді. Балалар оқыған кітаптары туралы үлкен қуанышпен әңгімелеп, сыныптастарымен  өз әсерлерімен бөліседі.
Ғарыш күні
12
сәуір
2022
Ғарыш күні
  12 сәуір ғарышкерлер күніне орай  мектебімізде әр сынып бойынша көрме ұйымдастырылып, ең үздік шыққан сыныптар мақтау қағазымен марапатталды.  Сонымен қатар, «Біздің  сүйікті ғарышкерлеріміз» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.
экскурсия
12
сәуір
2022
экскурсия
Бүгін  Алматы қаласы  Медеу ауданы әкімдігі және  Білім бөлімінің ұйымдастыруымен  мектеп  оқушылары   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитеті «Ғылым ордасы»   республикалық мемлекеттік кәсіпорнына    экскурсияға  барды.     Ғылым күнінде  мектеп оқушылары   Табиғат, Археология, Ғылым ордасының  Қысқы бағы , Сирек кездесетін кітаптар  мұражайларын тамашалап,  үлкен әсер алды.  «2022 жыл- Балалар жылы»  аталған    іс-шара  оқушыларымыздың зейінін ашып, туған өлкеге
Маңызды ақпарат!!!
06
сәуір
2022
Маңызды ақпарат!!!
 Оқу жылының аяқталуы қарсаңында әлеуметтік желілерде мектептерде, соның ішінде мектеп бітіру кештерін өткізуге ақша жинау туралы ақпарат таралуда. Осыған байланысты Алматы қаласының Білім басқармасы барлық білім берут ұйымдарында заңсыз қаражат жинауға тұрақты тыйым салынғанын және бірінші басшыларға жеке жауапкершілік жүктелген тиісті бұйрықтар шығарылғанын ресми түрде хабарлайды. Білім беру ұйымдарында алдын алу жұмысы күшейтілуде. Заң бұзушылықтар туралы (нақты мәліметтерді көрсете отырып)