Мектеп инспекторы полиция лейтенанты Кисметова Регина Шамильевна бастауыш сынып оқушыларына “Жолда жүру ережесі” туралы түсіндіріп, балаларға арнайы жолда жүру ережесі жазылған кітапшаларды таратты.
Мектебімізде 9-10 сынып оқушыларына Дін істері жөніндегі басқарма мамандары Исабекова Диана Сериковна және саяси ғылымдар докторы, профессор Мухамбедьярова Алтынай Тулеуовна “Діни экстремизм және терроризм” тақырыбында лекция өткізді.
Бракераждық комиссия мүшелерімен бірге мектебімізде асхананың тазалығы мен тамақтандырудың сапалық құрамымен, мәзір мөлшеріне, тауар құжаттарына, азық-түліктің сақталуымен сақталу мерзіміне тексеріс жүргізілді.
2-10 сынып оқушылары арасында "Зерде" ғылыми жоба конкурсының мектепішілік кезеңі болып өтті. Мектепішілік кеннен жоғары натиже көрсеткен оқушылар аудандык, кезеңге жолдама алды. Оқушыларымыз тек сәттілік тілейміз.
Бүгін Медеу ауданы №159 мектеп-гимназия базасында өткен, Мектеп Парламенті көшбасшыларының аудандық слетіне мектебімізден 9 “А” сынып оқушылары Лопатько Валерия және Асматуллаева Мадиана қатысты.